БАҚ ҮШІН АҚПАРАТЫ
Анонс
Фотобанк
Ескерту амалы
Логотипті қолдану
Ескерту амалы
Дайын материалдарда Форум жайлы ресми ақпаратты пайдаланғанда және оған қатысушылардың мәлімдемелеріне сілтеме жасаған кезде, I-ші Орталық Азия медиа форумы мен алынған ақпараттың қайнар көзі туралы ескерту болуы тиіс немесе егер ақпарат сайттан алынса, Форумның веб-сайтына сілтеме жасалуы керек. Көшірілген (жарияланатын) ақпаратқа қандай да бір өзгерістер, толықтырулар немесе бұрмалаулар енгізуге жол берілмейді.

Баспасөз БАҚ/радио – 1-ші Орталық Азия медиа форумы аумағында алынатын кез-келген бағдарлама немесе сұхбатта 1-ші Орталық Азия медиа форумына сілтеме (мәтін немесе эмблема/логотип) жасалуы керек. Телевидение – 1-ші Орталық Азия медиа форумы аумағында түсірілген кез-келген бағдарлама немесе сұхбатта 1-ші Орталық Азия медиа форумына сілтеме жасалуы керек (мәтін немесе эмблема/логотип).

Интернет-басылымдар – 1-ші Орталық Азия медиа-форумының жұмыс барысында немесе қорытындысы бойынша жазылған кез-келген мақалада, сұхбатта 1-ші Орталық Азия медиа форумы туралы ескерту болуы тиіс (мәтін немесе эмблема/логотип).

Фотосуреттер - жарияланатын кез-келген фотосуретте 1-ші Орталық Азия медиа форумы туралы кескін немесе қолтаңба (мәтін немесе эмблема/логотип) түріндегі ескерту болуы керек.

Блогтар/әлеуметтік желілер – I-ші Орталық Азия медиа форумы шеңберінде алынған ресми ақпаратты пайдаланған кезде және I-ші Орталық Азия медиа форумына қатысушылардың мәлімдемелеріне сілтеме жасағанда (Форумға қатысушылардың жеке келісімімен болуы керек) Интернетке жарияланатын дайын материалдар (блогтар, әлеуметтік желілер және т.б.) сенімді фактілерді қамтуы керек.

Форумды ұйымдастырушылар блог кеңістік пен әлеуметтік желілердің қатысушылары жасаған мәлімдемелерге жауапты емес. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі I-ші Орталық Азия медиа форумының іс-шараларын дайындау немесе өткізу кезінде БАҚ өкілдері алған немесе жасаған мақалалардың мәтінін, фото және бейнематериалдарды авторларына сілтеме жасай отырып пайдалануға құқылы екенін хабарлайды.
Анонс
20-21 желтоқсанда Астанада бірінші Орталық Азия медиа форумы өтеді

Желтоқсан айының 20-21 күндері Астана қаласында бірінші Орталық Азия медиа форумы өтеді.

Форум аясында медиа мамандар мен танымал сарапшылар өңірдегі медианы дамытудың өзекті мәселелерін талқылап, Орталық Азияда ортақ медиа кеңістік құру идеясын сараптайды.

Орталық Азия Медиа Форумының күн тәртібіндегі басты мәселе – бірыңғай медиа платформа қалыптастыру. Іс-шараға 100-ден астам спикер қатысады. Бұл - халықаралық деңгейдегі белгілі ғалымдар, саясаткерлер, журналистер, беделді сарапшылар мен медиа саласындағы халықаралық ұйымдардың өкілдері.

Бірінші Орталық Азия медиа форумының қатысушылары өңірлік бірегейлік, жаңа медианы дамыту, жасанды интеллект технологияларын медиада қолдану, Орталық Азиядағы креативті индустрияның дамуы, пост-шындық кезеңіндегі ақпараттық қауіпсіздік, медиа саласындағы білім беру транформациясы, өзара ынтымақтастықтағы халықаралық ұйымдардың орны, азаматтық қоғамды дамытудағы гендерлік теңдіктің рөлі, өңірлік және жаһандық кооперация мүмкіндіктері сияқты көкейкесті мәселелерді сөз етпек.

Форумның панельдік сессиясында Түркияның 11-Президенті Абдолла Гүл, Монғолияның 3-Президенті Намбарын Енхбаяр өз ойларын ортаға салады.

Іс-шараның хэдлайнері - америкалық New York Times-тың 4 мәрте бестселлер иегері, қазақ қызы, бүркітші Айшолпан жайлы жазылған “Eagle Huntress” кітабының авторы Лиз Уелш, голливуд актері, әйгілі боксшы Рой Джонс, YouTube желісінде 18 миллиард қаралым жиған дүние жүзіндегі балаларға арналған ең танымал dBillions жобасының авторы Ернис Уметалиев және Пулитцар сыйлығының иегерлері.

Сонымен қатар, іс-шараға Түркі мемлекеттері ұйымы, Ислам Ынтымақтастығы ұйымы, Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясы, ТҮРКСОЙ, АЫӨСШК, БҰҰ, ЮНЕСКО, ЮНИСЕФ, UNFPA, ЕҚЫҰ Қазақстандағы өкілдіктері қатысады.

Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген БҰҰ резолюция арқылы бекіткен 21 қыркүйектегі “Халықаралық бейбітшілік күнінің” және әлемдік “Peace one day” жобасының авторы Джереми Гиллимен бірге бейбітшілік идеясы бойынша арнайы сессия өткізеді.
Логотипті қолдану жөніндегі графикалық нұскаулық
Фотобанк
1 күн, 1 бөлімі
1 күн, 2 бөлімі
1 күн, 3 бөлімі
1 күн, 4 бөлімі
1 күн, 5 бөлімі
Видео
20.12.22 - фото (1 бөлімі)
20.12.22 - фото (2 бөлімі)
21.12.22 - фото
БАЙЛАНЫС